Astana Hub пен Stanford Healthcare Innovation Lab ынтымақтастықты нығайтуда
Central Eurasian Venture Forum аясында Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев денсаулық сақтау саласындағы зерттеуші және Stanford Healthcare Innovation Lab ғылыми қызметкері Фэй Члейлатпен кездесті. Кездесу барысында тараптар биыл қыркүйек айында іске қосылады деп жоспарланған Стэнфорд университеті базасындағы DeepTech жобаларына арналған бағдарлама шеңберіндегі әріптестікті талқылады.