Постты
Іс-шараны
Вакансияны
Технологиялық тапсырманы
Инфрақұрылымды
Бастаманы
Цифрлық ғылыми порталдағы бірыңғай цифрлық ғылыми-техникалық база
Astana Hub
Telegram Орталық Азиядағы жетекші инновациялық кластер – Astana Hub-тың қатысушысы мәртебесін алды.
KazScanService компаниясы әзірлеген қазақстандық deeptech-стартап QazTWIN Германияның Бремен қаласындағы Constructor University кампусында өткен Constructor Start халықаралық акселерациялық бағдарламасының Demo Day шарасына қатысты. Онда стартап көрермендер көзайымы жүлдесін жеңіп алып, ең үздік 15 жобаның қатарына енді.
Астанада Astana Hub қолдауымен Women in Tech жаһандық коммерциялық емес ұйымының Қазақстандағы бөлімшесі ұйымдастырған алғашқы Female Founders Invest Day іс-шарасы өтті. Шара әйелдер негізін қалаған, даму кезеңінің бастапқы сатысындағы стартаптарды қолдауға бағытталды.
Astana Hub технопаркіне Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы Дмитрий Григоренко бастаған делегация ресми сапармен келді. Қонақтарды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев қарсы алды.
Алматыда өткен ауқымды AlmatyFair.ai көрмесі аясында AI Startup Showdown атты тартысты питч-баттл ұйымдастырылды. Бұл алаңда болашағы зор қазақстандық AI-стартаптар жоғары баға мен жүлде қоры үшін бақ сынады. Байқау жеңімпазы атанған FinFlow $5000 жүлде және Кремний алқабында (АҚШ) өтетін Hero Training акселерациялық бағдарламасына жолдама ұтып алды.
Astana Hub жолын енді бастаған стартаптарды қолдауға бағытталған Startup Garage инкубациялық бағдарламасының төртінші легіне өтінім қабылданып жатқанын хабарлайды. Бағдарлама идея (MCI) немесе өнімді жасау (MVP) кезеңіндегі IT-жобаларға арналған. Өтінімді Қазақстан мен көршілес елдердің 18 жастан асқан стартап иелері бере алады.
2024 жылдың шілде айында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығы құрылатынын мәлімдеді. Бұл –оқушылар, студенттер, кәсіпкерлер мен ғалымдар білім алып, зерттеулер жүргізіп, стартаптар құрып, озық технологияларды бірлесіп дамыта алатын алаң. Жобаның басты мақсаты – әлемдегі үздік тәжірибелерді Қазақстанда әрбір жасанды интеллект саласына қызығушылық танытқан адамға қолжетімді ету.
2024 жыл жасанды интеллект саласындағы маңызды бастамалар жылы болды. Жасанды интеллект комитеті құрылды, 2024-2029 жылдарға арналған Жасанды интеллекті дамыту тұжырымдамасы бекітілді, қазіргі уақытта заң жобасы әзірленуде. Сондай-ақ, КazLLM жеке тілдік моделі әзірленді, ол бірқатар технологиялық шешімдер үшін негіз болады. ЦДИАӨМ Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитетінің төрағасы Ғиззат Байтұрсынов ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында өзіндік тілдік моделін қолдану IT-қызметтердің ішкі нарығын дамытуға ықпал ететінін атап өтті.
Білім беру саласындағы қазақстандық CodiPlay стартабы “Series A” қаржыландыру раунды шеңберінде 9 млн доллар инвестиция тартты. Аталған раундқа Сауд Арабиясы, БАӘ мен Катардан инвесторлар тобы қатысты. Инвесторлар қатарында Катар Ұлттық банкінің стратегия жөніндегі аға атқарушы вице-президенті, белгілі бизнес-періште Кристиан Эйхнер, сондай-ақ Global Capital тікелей инвестиция қоры бар. CodiPlay бұл қаржыландыру арқылы MENA өңірінде, атап айтқанда, БАӘ, Сауд Арабиясы мен Катарда өзінің көкжиегін кеңейте алады. Аталған елдер дамыған экономикасы және инфляция деңгейінің төмендігімен белгілі.
Қазақстандық Grand Mobile IT-компаниясы 2022 жылдың соңында мобильді рөлдік ойын жасады, қазіргі уақытта жобаны 60 миллионнан астам ойыншы пайдаланады. Бұл туралы компанияның негізін қалаушы және техникалық директоры Роман Линейцев Қазақстан Үкіметінің отырысында хабарлады.
Higgsfield AI – қазақстандық инженерлер жасаған жасанды интеллект саласындағы компаниялардың бірі.
«Kazakhstan Venture» топтамасының қорытынды материалында Digital Business редакциясы 2024 жылы зор жетістіктерге жеткен қазақстандық стартаптар – Astana Hub резиденттерін ұсынды.
Astana Hub-та тіркелген 1,5 мың IT-компанияның 150-і жасанды интеллект саласында жұмыс істеп жатыр, деп мәлімдеді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мадиев.
Біздің қоғамда «колхозшы» деген сөз неге теріс мағынаға ие? Адамдар ауылдан неге кетіп жатыр? Ал ауыл шаруашылығы саласының миллиондаған қаржысы қайта кетеді? Осы сауалдарға бас қатырған Абылайхан Ахметжанов шаруалардың беделін арттырып, ауыл шаруашылығын Қазақстан экономикасының қозғаушы күшіне айналдыруды ұйғарған.
«Б8» акселерациялық бағдарламасының 13-ші легі Қазақстан мен Якутиядан шыққан дарынды және болашағы зор геймдев өкілдерінің басын қосты. Жобаны Astana Hub, Саха Республикасының (Якутия) Инновациялық даму қоры, «Якутск» ИТ Паркі мен Omnium білім беру орталығы ұйымдастырды.
Қазақстандағы кәсіпкерлер коммерция жағынан табысты кәсіпорын құруға ғана емес, қоғамдағы түрлі мәселені шешуге көмектесетін әлеуметтік жобаларды жасауға да ұмтылып жатыр. Коммерциялық бағдарлама жасақтамасын әзірлеуге маманданған отандық KAZ ITECH IT компаниясы осылайша білім мен медицина саласында екі әлеуметтік стартап ашты.
Қатерлі ісік ерте анықталса, оны жеңіл әрі қымбат емес әдістермен емдеп, аурудан айығуға, науқастың өмірін сақтап қалуға болады. Бұл медицина аксиомасы дәлелдеуді қажет етпейді.
Қазақстан Республикасы Президентінің Катар Мемлекетіне мемлекеттік сапары аясында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Mekdam Holding және Wisdom Technology сияқты Катардың ірі компаниялары өкілдерімен өнімді кездесулер өткізіп, Катардың Байланыс және ақпараттық технологиялар министрі Мұхаммед бин Әли бин Мұхаммед Әл-Маннаймен кездесті.
Қазақстандық Axellero.io стартабы графикалық құралдар мен кіріккен ЖИ көмегін пайдаланып, бағдарламалы жасақтаманы жылдам жобалауға және іске қосуға мүмкіндік жасайтын ЖИ көмегі бар аттас Low-code платформасын әзірлеп жатыр. Axellero.io платформасында тіпті техникалық білімі жоқ қызметкерлер де уақыт пен ресурсын үнемдеп, толыққанды IT шешім шығара алады.
«Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры ҚР Цифрлық даму министрлігімен бірлесіп жасанды интеллект бағытындағы акселерациялық бағдарламаны іске қосты.
ИИН:
Продолжая, Вы принимаете условия и предложения AstanaHub
Пройдите по ссылке, которую мы отправили Вам на почту , для завершения регистрации
Жүйеге кіру кезінде пайдаланылатын жаңа электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз
Введите новый номер телефона, который будет использоваться при авторизации в системе
Құпия сөзді қалпына келтіру үшін, сілтеме алатын электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз
Біз сізге жіберген сілтеме бойынша өтіңіз
Поздравляем, вы успешно зарегистрированы на платформе astanahub.com
Себебі сіз парольді і реттен артық қате еңгіздіңіз
Кем дегенде 8 таңба
A-Z бас әріптері
Кіші әріптер a-z
Бір Сан
Бір арнайы таңба
Тіркеу аяқталғаннан кейін біз сізді Astana Hub экожүйесіндегі желіге қосылу үшін автоматты түрде «Нетворкинг» бөліміне қосамыз.
«Нетворкинг» бөлімі желіні дамытуға, пікірлес адамдарды табуға және іскерлік байланыстарды кеңейтуге арналған.
Предоставьте данный код при входе на мероприятие