Astana Hub әйелдер қатысатын IT-жобаларды қалай дамытады
Astana Hub жастар мен әйелдерге практикалық IT-дағдыларды игеруге көмектесетін білім беру бағдарламаларын белсенді дамытып жатыр. Технопаркте әйелдер ІТ-стартаптарының өсуі байқалады. Егер 2023 жылы мұндай 179 компания болса, биыл 300-ден астам компания бар. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Astana Hub халықаралық технопаркінің басқарушысы Валерия Тё хабарлады.