Қазақстандық делегация жасанды интеллект бойынша Шанхайда өтетін ең ірі форумға қатысады: ІТ-компаниялар үшін өтінім қабылдау басталды
2025 жылғы 26–28 шілде аралығында Шанхай қаласында Азиядағы ең ірі технологиялық алаңдардың бірі – World Artificial Intelligence Conference (WAIC) өтеді. Аталған жаһандық форум әлемнің түкпір-түкпірінен индустрия көшбасшыларын, мемлекеттік органдар өкілдерін және инновациялық компанияларды біріктіреді. Биыл қазақстандық делегация форумға ресми түрде қатыспақ.