Постты
Іс-шараны
Вакансияны
Технологиялық тапсырманы
Инфрақұрылымды
Бастаманы
Цифрлық ғылыми порталдағы бірыңғай цифрлық ғылыми-техникалық база
Astana Hub
Қазақстанда шетелдік IT-мамандарына жаңа мүмкіндіктер ашатын Digital Nomad Residency бағдарламасы іске қосылды.
Қазақстанда Tech Orda бағдарламасының арнайы легі аясында цифрлық технологиялар саласындағы мамандарды оқыту бойынша пилоттық бағдарлама аяқталды. Нәтижесінде 290 адам, оның ішінде 167 мектеп мұғалімі және «Өрлеу» орталығының 123 тренері жасанды интеллект пен ойын әзірлеу технологияларын меңгерді.
8 наурыз қарсаңында Astana Hub қорытынды шығарып, технопарктегі әйелдер жетекшілік ететін IT-компаниялардың қарқынды өсімін атап өтті. 2023 жылдың басында олардың саны 179 болса, 2024 жылы – шамамен 250, ал 2025 жылы 301 компанияға дейін жеткен.
Astana Hub AlgoBatyr спорттық бағдарламалау чемпионатының іріктеу кезеңіне өтінімдер қабылданып жатқанын хабарлайды. Бұл жарыс бағдарламашылар мен әзірлеушілерге жаңа сынақ болмақ. Сайыс 17 наурыз сағат 20:00-де (Астана уақытымен) онлайн форматта өтеді, бұл қатысушыларға әлемнің түкпір-түкпірінен қосылуға мүмкіндік береді.
Astana Hub Қазақстандағы алғашқы peer-to-peer жасанды интеллект мектебі Tomorrow School-дың төртінші легіне өтінімдер қабылдап жатқанын хабарлайды. Оқу 18 жасқа толған барлық ниет білдірушіге қолжетімді. Алдыңғы үш лекке 503 адам іріктеліп, олардың 77-сі негізгі оқуды бастады.
Қазақстандық Game of Drones стартабы интернет арқылы әлемнің түкпір-түкпірінен шын дрондарды басқаруға мүмкіндік беретін бірегей киберспорттық онлайн-ойынды ұсынды. Бета-тестілеуге 23 елден 10 000 ойыншы қатысса, бүгінде жоба жаңа деңгейге шығып, Android жүйесінде ресми түрде іске қосылды.
Astana Hub Women in Tech Kazakhstan қауымдастығымен бірлесіп, Қазақстандағы әйел-стартапшылардың алдында тұрған қиындықтарды талқылауға арналған онлайн-сессия ұйымдастырды.
«Жұмысшы мамандықтарының қаласы» фестивалі аясында Astana Hub-тың ұйымдастыруымен «Жаңа форматтағы IT-білім» атты панельдік сессия өтті. Сарапшылар технологиялық дамудың қарқыны артқан кезеңде білім беру әдістерінің жаңаруы мен практикалық дағдылары бар мамандарға сұраныстың өсуін талқылады.
Әлемдік стартап-экожүйелерді саралайтын StartupBlink рейтингі Қазақстанның Орталық Азиядағы көшбасшы рөлін қайта бекітті. Еліміз өңір бойынша бірінші орынға орналасып, әлемнің үздік 75 стартап-экожүйесінің қатарына кірді.
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысына отандық тауар өндірушілерді, IT-секторды, әлеуметтік сала мен ғылымды қолдау шараларының нәтижелері туралы баяндады.
Digital Almaty форумының бейресми бөлігі идеялармен алмасу және инновацияларды енгізу үшін бірегей экожүйені құра отырып, оқушылар мен студенттерді, цифрлық индустрия көшбасшылары, стартаперлер мен инвесторларды біріктіреді. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Astana Hub басқарушы директоры Дания Ахметова айтып берді.
Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында алдағы Digital Almaty 2025 туралы баспасөз конференциясы өтті. Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитетінің төрағасы Ғиззат Байтұрсынов атап өткендей, жылдың ең ірі цифрлық оқиғасы – Digital Almaty 2025 VII халықаралық форумының басталуына бір апта ғана қалды.
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ІТ-қызметтер мен өнімдер экспортын дамыту мәселелері қаралды. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев баяндама жасады. Сондай-ақ Үкімет отырысы барысында ІТ-компаниялары өкілдері: Netcracker Technology компаниясы кеңселерінің техникалық директоры Павел Городов, Higgsfield АІ компаниясының бас директоры Ерзат Дулат, Grand Mobile бас директоры Роман Линейцев сөз сөйледі.
Astana Hub халықаралық технопаркі елдегі финтех-компаниялар мен инновациялық шешімдерді дамытуға белсенді қолдау көрсетуде. Технопарк бас директоры Мағжан Мәдиев Euronews телеарнасына стартаптардың акселерациялық бағдарламалар, салықтық жеңілдіктер және халықаралық нарықтарға шығу мүмкіндіктері арқылы қандай артықшылықтарға ие болатыны туралы айтып берді.
Astana Hub қатысушылары 2024 жылдың қорытындысы бойынша 1 миллиард доллар көлемінде кіріс әкеледі деп күтілуде, оның үштен бірі – экспорттық кіріс. Бұдан бөлек IT саласындағы экспорт көлемін 1 миллиард долларға дейін жеткізу міндеті де бар.
AlchemistX және Silicon Valley Residency Program бағдарламаларының нәтижелері бойынша Орталық Еуразиядан 22 стартап Кремний алқабында айтарлықтай нәтижелер көрсетті. Бағдарлама қатысушыларының 2025 жылға болжанған табысы $17 млн-ға жетіп, олардың халықаралық аренада әрі қарай өсу мүмкіндіктерінің зор әлеуетін айқындады.
Astana Hub алаңында Draper University-мен серіктестік аясында жүзеге асырылатын Hero Training бағдарламасының үшінші легі қорытындыланды. 5 апталық акселерациядан өткен стартаптар өз өнімдерін жетілдірумен қатар, БАӘ, Қырғызстан және басқа елдермен серіктестік байланыстарын нығайтып, АҚШ нарығында келісімдер жасасты.
Бүгін Петропавл қаласында SKO Hub — Қазақстанның 18-өңірлік IT-хабының ашылу салтанаты өтті. IT-хаб Astana Hub, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен құрылып, өңірдің технологиялық экожүйесін нығайтудағы маңызды қадам болды.
Қазақстан – Орталық Азияның ең ірі экономикасы, өңірлік ЖІӨ-нің 61%-дан астамын құрайды. Бай тарихи мұрасы мен заманауи жетістіктері бар ел IT-компаниялар үшін қолайлы орта қалыптастырып келеді.
Айжан Чыныбаева: Мен үшін Astana Hub жобаларына қатысу – зор мәртебе Қырғыз Республикасы Сауда-өнеркәсіп палатасының Әйелдер кәсіпкерлігі комитетінің төрағасы Айжан Чыныбаева Қазақстан цифрлық әлемде үлгі екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол АӨСШК іскерлік кеңесінің жетінші пленарлық отырысында айтты, деп хабарлайды BaigeNews.kz.
ИИН:
Продолжая, Вы принимаете условия и предложения AstanaHub
Пройдите по ссылке, которую мы отправили Вам на почту , для завершения регистрации
Жүйеге кіру кезінде пайдаланылатын жаңа электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз
Введите новый номер телефона, который будет использоваться при авторизации в системе
Құпия сөзді қалпына келтіру үшін, сілтеме алатын электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз
Біз сізге жіберген сілтеме бойынша өтіңіз
Поздравляем, вы успешно зарегистрированы на платформе astanahub.com
Себебі сіз парольді і реттен артық қате еңгіздіңіз
Кем дегенде 8 таңба
A-Z бас әріптері
Кіші әріптер a-z
Бір Сан
Бір арнайы таңба
Тіркеу аяқталғаннан кейін біз сізді Astana Hub экожүйесіндегі желіге қосылу үшін автоматты түрде «Нетворкинг» бөліміне қосамыз.
«Нетворкинг» бөлімі желіні дамытуға, пікірлес адамдарды табуға және іскерлік байланыстарды кеңейтуге арналған.
Предоставьте данный код при входе на мероприятие