Astana Hub Қазақстанда жұмыс істеуге ниетті 20-ға жуық польшалық компаниямен келіссөздер жүргізуде
Astana Hub — Орталық Азиядағы IT-стартаптардың ірі халықаралық технопаркі Қазақстанда жұмыс істеуге ниетті 20-ға жуық польшалық компаниямен келіссөздер жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ISBnews ZEWschodu блогының авторы Анджей Шурек. Ол Қазақстанның соңғы жылдары қарқынды цифрлық трансформациядан өткеніне және польшалық IT-компанияларды тартуға ұмтылып жатқанына тоқталды.