ҚР СІМ бірінші орынбасары АЫД елдерінің сарапшылары мен инвесторларын Astana Hub платформасын пайдалануға шақырды
Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Иранның төрағалығымен Тегеран қаласында (Иран Ислам Республикасы, ИИР) өткен Азиядағы ынтымақтастық диалогына (АЫД) мүше мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволары басшыларының 19-шы отырысына қатысты.