Үздіктерге қолдау - Google және Astana Hub перспективалы стартаптарға жол ашады
15 перспективалы стартап Silkway Accelerator бағдарламасы бойынша жобаларын дамыту мүмкіндігіне ие болды. Бағдарламаны Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркі Google for Startups серіктестігімен іске қосты. Бағдарламаға қатысу үшін Орталық Азия елдерінен, сондай-ақ Әзірбайжан мен Моңғолиядан технологиялық жобалардан 330 өтінім берілді. Жоба туралы толығырақ Er10 Media редакторлары Astana Hub Бизнес бағдарламалар кеңсесі директорының міндетін атқарушы Әйгерім Жарқынмен сұхбаттасты.