AlgoBatyr және қырық бағдарламалаушы: Зияткерлік сайыстың жеңімпаздары анықталды
Astana Hub алаңында елімізде алғаш рет ересек IT-мамандарға арналған спорттық бағдарламалау чемпионаты – AlgoBatyr финалы өтті. Қазақстанның түкпір-түкпірінен түскен 280 өтінімнің ішінен іріктелген қатысушылар алгоритмдік тапсырмаларды шешіп, чемпион атағы мен 1 000 000 теңге жүлде қоры үшін бақ сынады. Зияткерлік сайыс Astana Hub және Спорттық бағдарламалау федерациясының қолдауымен ұйымдастырылды.