INMerge Almaty қорытындылары: «Әзербайжан мен Қазақстан экожүйені дамыту барысында күш біріктіреді»
17 маусым күні Қазақстан мен Әзербайжан алғаш рет бірлесіп INMerge Almaty форумын өткізді. Аталған іс-шара екі ел арасындағы жаңа әріптестік стратегиясының негізін қалаған маңызды бастама болды. Ал Al-Farabi Innovation Hub (Қазақстан) пен SABAH.HUB (Әзербайжан) арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылуы форум аясындағы басты оқиғалардың біріне айналды.