AI өңірлерде: Қостанайда ЖИ мен цифрлық трансформацияны дамытуға арналған ең ірі өңірлік форум өтті
Қостанайда Qostanai Investment Forum 2025 өтті. Ол - цифрландыру, инновациялар және түрлі экономикалық салаларда жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын қолдануға арналған өңірлік деңгейдегі басты алаңға айналды. Айтулы іс-шара озық технологияларға инвестиция тартуға, стартаптарды қолдауға және цифрлық трансформацияны жеделдетуге бағытталған ең ауқымды іс-шара болды.