Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру (алдын ала ұсыныс)
Ссылка для подачи решений заявителями для участия в программе Industrial AI Acceleration 2025
Автономный кластерный фонд «Астана Хаб»
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің цифрландыру саласын дамыту мәселелері қаралды.
Жасанды интеллект саласындағы стартаптарды дамытуға бағытталған AI'preneurs акселерациялық бағдарламасына 250 өтінім түсті, олардың ішінен 50 талантты маман — әзірлеушілер, инженерлер, менеджерлер және кәсіпкерлер — бағдарламаға өтті. Қатысушылар 21 стартап құрып, оның 9-ы акселерацияны сәтті аяқтады, ал үздік 7 командаға Seed Money бағдарламасы аясында қаржы бөлінді.
Қазақстанның Қостанай, Көкшетау, Талдықорған, Орал, Тараз, Өскемен, Шымкент, Қызылорда, Семей және Петропавл қалаларында облыстық IT-форумдар өтті. 3 мыңнан астам қатысушы жинаған бұл іс-шаралар өңірлерде цифрлық трансформацияны қолдаудың және тәжірибе алмасудың негізгі алаңына айналды.
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов америкалық ірі технологиялық компаниялардың бірі EPAM Systems директорлар кеңесінің төрағасы, бас директоры әрі президенті Аркадий Добкинмен цифрландыру, IT-білім беру және Қазақстанның технологиялық экожүйесін дамыту саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі ғылым саласындағы сыйлықақылар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялар ұсынылатын байқауға өтінім қабылдау мерзімі ұзартылғанын хабарлайды. Өтінімдер электронды форматта «Ұлттық инновациялық жүйе» бірыңғай терезесі astanahub.com» ақпараттық жүйесі арқылы қабылданады.
15 жыл бұрын қазақстандық талантты әзірлеушілерге Google-ға жұмысқа орналасу арман болатын. Бүгінде олардың межесі мүлдем басқа – келесі Google-ды құру.
Жасанды интеллект бүкіл әлем бойынша компаниялардың бизнес-процестеріне біртіндеп еніп келеді. Нейрожелілер негізінде бизнеске де, қарапайым қолданушыларға да пайдасы көп өнімдер жасалып жатыр. Қазақстан компаниялары да ЖИ-өнімдер жасауға белсенді атсалысып келеді. AICA стартабы транскрипция және дыбыс жазу қызметтерін ұсынатын, оған қоса бизнеске арналған сөйлеу аналитикасын шығаруға қабілетті AICA деген ЖИ-платформа жасады. AICA-ның кофаундері Нұрлан Жүнісов Er10.media редакциясына стартап жаңа нарықты қалай жасап жатқанын, платформа қызметтері шетелдегіден не себепті жақсырақ екенін және бизнес жаңа технологияларға қалай қарайтынын айтып берді.
Astana Hub халықаралық технопаркінің резиденті — қазақстандық Call2action.ai стартабы АҚШ нарығында қарқынды дамып жатыр. АҚШ-тың 40-тан астам транспорттық компаниясы инновациялық өнімге қызығушылық танытып, оның екеуі коммерциялық негіздегі клиентке айналса, үшеуі пилот аясында ынтымақтастық орнатты.
Астана қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасы Astana Hub және Aстaнa Innovations ұйымдарымен бірлесіп, қалалық инфрақұрылымның негізгі салаларына озық технологияларды енгізуге бағытталған Astana Smart City Accelerator бағдарламасын сәтті аяқтады. 20 қарашада бағдарламаның Demo Day финалдық кезеңі өтіп, қатысушылар қала өмірін өзгертіп жатқан инновациялық шешімдерін ұсынды.
Atameken Business арнасындағы «Кейіпкерлер» бағдарламасының «Стартаптар мен компанияларды қолдау бойынша арнайы аймақтар құру» шығарылымында Astana Hub басқарушы директоры Дания Ахметова ұйымның негізгі жетістіктері мен жоспарлары туралы айтты.
Предоставьте данный код при входе на мероприятие