Industrial AI Acceleration 2025 бағдарламасына қатысу үшін өтініш берушілердің шешімдерін ұсынуға арналған сілтеме
Visa для цифровых кочевников
Autonomous cluster fund «Astana Hub»
Тәжікстандық Zypl.ai стартабы, Silkway Accelerator түлегі әрі Astana Hub Ventures портфельдік компаниясы – Prosus Ventures қорынан инвестиция алған Орталық Азиядағы алғашқы жоба.
Қазақстандық Game of Drones стартабы интернет арқылы әлемнің түкпір-түкпірінен шын дрондарды басқаруға мүмкіндік беретін бірегей киберспорттық онлайн-ойынды ұсынды. Бета-тестілеуге 23 елден 10 000 ойыншы қатысса, бүгінде жоба жаңа деңгейге шығып, Android жүйесінде ресми түрде іске қосылды.
Astana Hub жолын енді бастаған стартаптарды қолдауға бағытталған Startup Garage инкубациялық бағдарламасының төртінші легіне өтінім қабылданып жатқанын хабарлайды. Бағдарлама идея (MCI) немесе өнімді жасау (MVP) кезеңіндегі IT-жобаларға арналған. Өтінімді Қазақстан мен көршілес елдердің 18 жастан асқан стартап иелері бере алады.
Astana Hub Women in Tech Kazakhstan қауымдастығымен бірлесіп, Қазақстандағы әйел-стартапшылардың алдында тұрған қиындықтарды талқылауға арналған онлайн-сессия ұйымдастырды.
Әлемнің алпауыт елдері жасанды интеллектіні дамытуға қомақты қаржы құйып жатыр. Бүгінгі таңда АҚШ, Қытай және Еуропа арасында бәсеке қызып тұр. BAQ.KZ тілшісі әлем елдері ЖИ үшін қанша қаражат бөлгеніне шолу жасады.
2024 жылдың шілде айында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығы құрылатынын мәлімдеді. Бұл –оқушылар, студенттер, кәсіпкерлер мен ғалымдар білім алып, зерттеулер жүргізіп, стартаптар құрып, озық технологияларды бірлесіп дамыта алатын алаң. Жобаның басты мақсаты – әлемдегі үздік тәжірибелерді Қазақстанда әрбір жасанды интеллект саласына қызығушылық танытқан адамға қолжетімді ету.
«Жұмысшы мамандықтарының қаласы» фестивалі аясында Astana Hub-тың ұйымдастыруымен PROFCITY хакатоны өтті. Қазақстандық жоғары сынып оқушыларынан құралған алты команда өздерінің инновациялық жобаларын әзірлеп, шығармашылық көзқарасы мен техникалық дағдыларын көрсетті.
«Жұмысшы мамандықтарының қаласы» фестивалі аясында Astana Hub-тың ұйымдастыруымен «Жаңа форматтағы IT-білім» атты панельдік сессия өтті. Сарапшылар технологиялық дамудың қарқыны артқан кезеңде білім беру әдістерінің жаңаруы мен практикалық дағдылары бар мамандарға сұраныстың өсуін талқылады.
Astana Hub республикалық «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалінде Tomorrow School жасанды интеллект мектебі мен IT мамандарын даярлауды көздейтін Tech Orda атты озық білім беру бағдарламаларын таныстырды.
Қызметкерлердің қаржылық тұрақтылығы – табысты бизнестің негізгі факторларының бірі. Бүгінде нарықта қызметкерлерге жалақы төлеу күнін күтпей-ақ, еңбек еткен уақыты үшін кез келген күні аванс алуға мүмкіндік беретін шешім бар. Мұндай тәсіл қызметкерлердің қаржылық жүктемесін азайтып, болашаққа деген сенімділікті арттырады, сондай-ақ жұмыс берушілерге кадрлық ауыс-түйісті азайтып, өтімділікті басқаруды оңтайландыруға көмектеседі.
Предоставьте данный код при входе на мероприятие