Astana Hub-тағы Industry 4.0 Day: жер қойнауын пайдалану саласын цифрландыру
Astana Hub-та «Industry 4.0 Day: Жер қойнауын пайдаланушыларға арналған инновациялар» тақырыбында жиын өтті. Шара өнеркәсіптегі цифрлық шешімдерді дамыту мен жер қойнауын пайдаланушылардың жиынтық жылдық табысының 1%-ы есебінен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (ҒЗТКЖ) қаржыландыру механизмдерін талқылауға арналды.