Себастьян Курц alem.ai орталығында жасанды интеллект пен киберқауіпсіздік саласындағы жобалармен танысты
Австрияның бұрынғы федералдық канцлері, Dream технологиялық компаниясының негізін тең қалаушы Себастьян Курц alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына келді. Сапар барысында тараптар жасанды интеллектінің дамуын, сондай-ақ цифрлық қауіпсіздік саласында тәжірибе алмасу және технологиялық шешімдерді бөлісу мүмкіндіктерін талқылады.