Silkway Accelerator GITEX AI Kazakhstan 2026 аясында іріктеу қорытындыларын жариялады
Халықаралық GITEX AI Kazakhstan 2026 көрмесі аясында Astana Hub «Silkway Accelerator: From Regional to Global» тақырыбында панельдік сессия өткізіп, Орталық Еуразия стартаптарын халықаралық нарыққа шығару мәселесін талқылады. Сондай-ақ, Silkway Accelerator бағдарламасының жетінші легіне іріктеу нәтижелері таныстырылды. Биыл бұл бағдарлама алғаш рет Алматыдағы Almaty Hub базасында өтеді.