SHAI командасы Google мен фармацевтикалық алпауыт GSK құрған бірлескен кәсіпорын – Galvani-мен келісімшарт жасасты
Astana Hub қатысушысы – SHAI стартапы Alphabet пен фармацевтикалық корпорация GSK-ның бірлескен кәсіпорны Galvani Bioelectronics Limited-пен келісімшартқа отырды. Бұл бастама SHAI-ға Ұлыбритания мен АҚШ нарығына шығуға мүмкіндік беріп, денсаулық сақтау және жоғары технологиялық салаларда инновациялық AI-шешімдерді енгізуге жол ашты.