Industrial AI Acceleration 2025 бағдарламасына қатысу үшін өтініш берушілердің шешімдерін ұсынуға арналған сілтеме
Visa для цифровых кочевников
Autonomous cluster fund «Astana Hub»
Технопарк пен бағдарлама қатысушылары PR-стратегияны құру бойынша көмек алу үшін Astana Hub сайтында өтінім бере алады.
Бүгінде жоба Қазақстан мен Өзбекстанда жұмыс істеп тұр. Тартылған инвестициялар негізінен Өзбекстандағы бизнесті масштабтау және Әзірбайжан нарығына шығу үшін жұмсалады.
Астанада Қазақстан өңірлері оқушылары арасында әлеуметтік көшбасшыларды тәрбиелеуді көздейтін Beginit халықаралық әлеуметтік жобасының финалы өтті. Бағдарлама лидерлік әлеуеті бар жасөспірімдерді анықтап, оларды әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруға баулиды. Нәтижесінде, балалар туған өлкелерінің мәселелерін шешуге бағытталған жобаларды әзірлеп, оны жүзеге асыруға кіріседі.
Астана қаласы әкімдігі Astana Hub және Астана Innovations-пен бірлесіп Astana Smart City акселераторы іске қосылғаны туралы хабарлайды. Бағдарлама мақсаты – қалалық ортаны жақсартып, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға және озық технологияларды пайдаланып, қала міндеттерін шешуге бағытталған инновациялық стартап-жобаларды енгізу.
Форумның негізгі тақырыбы – «Юникорнды қалай ерттеуге болады?». Бұл 2023 жылы жарыққа шыққан бестселлер кітап атауына сәйкес таңдалды. Мұнда технологиялық көшбасшы, жасанды интеллектті халықаралық реттеу және басқа да серпінді инновациялар күресіндегі бүкіл аймаққа тән өзекті тәуекелдер мен мүмкіндіктер сипатталған.
Astana Hub пен OMNIUM бастамасымен Қызылорда және Қостанай облыстарындағы өңірлік IT-хабтар базасында GameDev орталықтары ашылды. Бұл орталықтар компьютерлік графика (CG), ойын әзірлеу (GameDev), виртуалды (VR) және кеңейтілген шындық (AR) технологиялары саласындағы зерттеу мен білім беру қызметіне бағытталған.
Astana Hub қатысушысы, SET24 стартабының негізін қалаушы Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығы тілшісіне берген сұхбатында жобаны іске қосу үшін қанша инвестиция қажет болғанына тоқталып, бөлшек сауда нарығындағы трендтерді айтып берді.
Astana Hub халықаралық технопаркі Seed Мoney 4.2 стартаптарды қаржыландыру бағдарламасына өтінім қабылдай бастады. Бағдарлама шеңберінде болашағы зор стартаптар даму кезеңіне байланысты 20 миллион теңгеге дейін қаржыға қол жеткізе алады.
Польшаның Puls biznesu жетекші күнделікті газеті жақында Astana Hub бас директоры Мағжан Мадиевпен әңгімелесті.
Astana Hub халықаралық технопаркі базасында Astana Venture Club – болашағы зор технологиялық кәсіпкерлерге инвестиция құйып, қолдау көрсетуге мүдделі бизнес-періштелер қауымдастығының құрылғанына бір жыл толуына орай салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.
Предоставьте данный код при входе на мероприятие