Орталық Азияның 11 стартапы Silkway Accelerator Demo Day аясында өз жетістіктерімен бөлісті
Астанада өтіп жатқан жылдың ең ауқымды технологиялық шарасы Digital Bridge 2025 форумы аясында Silkway Accelerator бағдарламасының алтыншы легінің Demo Day іс-шарасы өтті. Бұл акселерациялық бағдарлама Astana Hub пен Google for Startups халықаралық платформасы бірлесіп жүзеге асырып келеді.