Astana Innovations Accelerator 2026: елорда тиімді технологиялық шешімдерге серпін береді
Астанада шаһардың өзекті мәселелеріне инновациялық шешімдер ұсынуға дайын стартаптар мен IT-командаларға арналған Astana Innovations Accelerator 2026 бағдарламасына өтінім қабылдау басталды. Қатысушылар әзірлемелерін қалалық инфрақұрылым аясында сынақтан өткізіп, салалық ұйымдармен бірлесіп жобаларды жүзеге асырады. Сондай-ақ нәтижелерді әлеуетті тапсырыс берушілерге, инвесторларға әрі мемлекеттік органдар өкілдеріне таныстыру мүмкіндігіне ие болады.