Сарапшы пікірі: Қазақстан әлемдік IT-нарықта бәсекелі ойыншыға айналуда
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында стратегиялық маңызды міндет – Қазақстанды IT-елге айналдыру екенін айтты. Мемлекет басшысы Үкіметке 2026 жылға қарай IT-қызметтерінің экспортын $1 млрд-қа дейін жеткізу мақсатын қойды. Бұл мақсат қаншалықты қолжетімді әрі шынайы, цифрландыру Қазақстанның болашағын қалай өзгерте алатынын ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты Саяси зерттеулер орталығы директорының орынбасары Рүстем Мұстафин айтып берді.