Astana Hub – Қазақстанның жасанды интеллект саласындағы негізгі тірегі
Халықаралық fDi Intelligence басылымы Қазақстанның жасанды интеллект экожүйесін қалыптастыру, инфрақұрылымды дамыту және халықаралық мамандарды тарту бағытындағы бастамаларын талдаған мақаласын жариялады. Материалда бүгінде 1700-ден астам қатысушының басын біріктірген Astana Hub кластерінің ұлттық цифрлық трансформациядағы рөлі айтылады.