Astana Hub-та технологиялардың болашағы мен Қазақстанның AI-экономикадағы рөлі талқыланған Fireside Chat өтті
Бүгін Astana Hub-та «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин мен Brothers Ventures компаниясының негізін қалаушы Даниил Либерманның қатысуымен ашық пікірталас өтті. Кездесу жаһандық технологиялық трендтерге, Орталық Азиядан шыққан өнімдерді әзірлеу және оларды халықаралық нарыққа шығару мүмкіндіктеріне, жасанды интеллект дәуіріндегі жаңа бизнес-модельдерге, сондай-ақ Қазақстанның әлемдік AI-экономикадағы стратегиялық орталық ретінде қалыптасуы тақырыптарына арналды.