Ташкенттен шыққан жігіттер дүкендерге AI-камера жасап, $1,8 млн алды
Ташкенттен шыққан Шахзод Өмірзақов пен Джамшид Хакимжонов 2021 жылы TASS Vision стартапын құрды. Команда дүкендерге арналған AI-камералар жасап шығарды. Бұл жүйе компьютерлік көру технологиясының көмегімен дүкенге келушілер ағынын талдап, олардың жынысы мен жасын анықтайды және дүкен иесіне табысты арттыруға көмектеседі. Бүгінде TASS Vision шешімдері Қазақстан, Өзбекстан, Перу және Түркияны қоса алғанда, 10 елдегі 2 мыңнан астам дүкенге орнатылған. Осы уақытқа дейін стартап $1,8 млн инвестиция тартты.