Графтық технологиялар мен GraphML деректерді талдау мен AI дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады
Графтық технологиялар өзара байланысқан күрделі деректерді талдау мен интеллектуалды жүйелерді әзірлеуде негізгі құралдардың біріне айналып келеді. Бұл туралы Digital Qazaqstan 2026 форумы аясында өткен митапта VirtuousAI стартапының GraphML/AI бағытының жетекшісі Алан Салимов айтты.