Қазақстанда жасанды интеллектті дамыту үшін 200-ден астам датасет ашылды
Бүгін Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің өкілдері IT-қоғамдастықпен ашық диалог форматында кездесу өткізді. Кездесудің басты мақсаты - бизнеске, стартаптарға және тәуелсіз әзірлеушілерге мемлекеттік қолдау шаралары, сапалы деректерге қолжетімділік және отандық ЖИ өнімдерін жасауға арналған есептеу қуаттары туралы толық ақпарат беру.