Industrial AI Acceleration 2025 бағдарламасына қатысу үшін өтініш берушілердің шешімдерін ұсынуға арналған сілтеме
Visa для цифровых кочевников
Autonomous cluster fund «Astana Hub»
Alem.AI халықаралық орталығында Astana Innovations Accelerator бағдарламасының үшінші легінің Opening Day іс-шарасы өтті.
Astana Hub халықаралық Hero Training акселерациялық бағдарламасының бесінші легінің қорытындысын шығарды. Бағдарлама Draper University университетімен бірлесіп жүзеге асырылады және технологиялық стартаптарды жаһандық нарықтарға шығуға, құрылтайшылардың көшбасшылық қабілеттерін дамытуға әрі бизнесті АҚШ-та ауқымдауға дайындауға бағытталған.
Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Astana Hub технологиялар, жасанды интеллект және стартаптар тақырыбына арналған республикалық IT Quest интерактивті онлайн-квестті іске қосты. Қатысушылар өз білімдерін сынап, түрлі тапсырмаларды орындап, MacBook, iPhone 17 және Apple Watch секілді бағалы сыйлықтарды ұтып алу үшін жарысқа түседі.
Астанада шаһардың өзекті мәселелеріне инновациялық шешімдер ұсынуға дайын стартаптар мен IT-командаларға арналған Astana Innovations Accelerator 2026 бағдарламасына өтінім қабылдау басталды. Қатысушылар әзірлемелерін қалалық инфрақұрылым аясында сынақтан өткізіп, салалық ұйымдармен бірлесіп жобаларды жүзеге асырады. Сондай-ақ нәтижелерді әлеуетті тапсырыс берушілерге, инвесторларға әрі мемлекеттік органдар өкілдеріне таныстыру мүмкіндігіне ие болады.
Вьетнам Премьер-министрінің орынбасары Хо Куок Зунг Astana Hub халықаралық инновациялық кластері мен alem.ai жасанды интеллект орталығына арнайы сапармен келді.
Форумда Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан президенттері мен делегация жетекшілерінің назарына озық технологиялық және цифрлық шешімдер көрмесі, сондай-ақ alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығының мүмкіндіктері ұсынылды.
Astana Hub алаңында ғылыми кәсіпкерлікті дамытуға, оның нәтижелерін нарыққа шығаруға және технологиялық стартаптар құруға бағытталған «From Science to Startup» атты талқылау өтті.
Astana Hub халықаралық инновациялық кластері идея және MVP кезеңіндегі IT-стартаптарды қолдауға бағытталған Startup Garage инкубациялық бағдарламасы 5-легінің қорытындысын шығарды. 12 апталық бағдарлама нәтижесінде қатысушылар 68 млн теңгеден астам сомаға сатылым жасап, AI, MedTech, EdTech, SaaS, LegalTech, smart city және e-commerce бағыттарында пилоттық жобаларды іске қосты. Бағдарлама аясында 16 full-time және 45 part-time жұмыс орны құрылды.
Предоставьте данный код при входе на мероприятие