Astana Hub аймақтық елшілері елордада оқуға жиналды
Бүгін Astana Hub базасында аймақтық қоғамдастық менеджерлерінің бағдарламасы бойынша оқыту басталды. Болашақ технопарк елшілері елордаға республиканың 15 қаласынан: Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Көкшетау, Қостанай, Орал, Өскемен, Павлодар, Тараз, Түркістан, Жезқазған, Қызылорда, Петропавл, Талдықорған және Талдықорған қалаларынан келді.