“Жаман” машина сатып алып, ұрынып қалмау үшін не істеу керек? Автокөлік таңдап беретін қазақстандық стартап-компания бас директорының жауабы
Қазақстанда қолда болған автокөлікті сатып алған жақсы, бірақ шаруасы көп іс. Яғни, көптеген автокөліктің заң жағынан және техникалық проблемасы бар, ал сатушылар хабарландыру бергенде бұл туралы тіс жармайтыны түсінікті. CheckAuto стартапы автокөлікті сатып алмастан бұрын оның шын тарихын білуге болатын құрал ойлап тапты. Олар сатылатын автокөлікті тауып беретіндерге машинаны «тексеруге», ал сатып алғысы келетіндерге машинаны таңдап, оның бағасын беретін сарапшы-маман табуға көмектесетін мобильді қосымша жасады.